Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Трамптың өткен жылғы табысы қанша?»: АҚШ Президенті ресми декларацияны жариялады

19:12, 01 шілде 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің 2025 жылғы қаржылық есеп беру құжатын жариялап, бір жылдық жеке табысының жалпы көлемі 2 миллиард доллардан асқанын көрсетті, деп хабарлайды Alash.kz.

Ресми декларация мәліметтеріне сүйенсек, мемлекет басшысының өткен жылғы табысының басым бөлігі криптовалюта нарығымен тікелей байланысты болған. Нақтырақ айтқанда, ол Celebration Coins компаниясынан роялти ретінде 635 миллион доллар табыс тапқан. Бұған қоса, түрлі криптотокендерді саудалау арқылы 236 миллион доллар пайда көрсе, тағы 290 миллион доллар Трамптың отбасылық бизнесі болып табылатын World Liberty Financial криптожобасына тиесілі электронды әмияндардан түскен.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, цифрлық активтерден түскен осы қомақты қаржылар есепті кезеңдегі президент дәулетінің еселеп артуына негізгі себеп болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар