Алматы облысындағы Қарасай ауданында мешіт өртенді, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.
Оқиға 9 ақпанда таңертең Алматы облысындағы Қарасай ауданы Еңбекші ауылында болған. 50 шаршы метр алаңдағы мешітте жиһаз және шаруашылық заттар өртенген.
Шақыру орнына дереу 14 қызметкер және Алматы облысы ТЖД 4 бірлік техникасы жіберілді. Ең жақын өрт сөндіру бөліміне дейінгі қашықтық – 22 шақырым.
Қабылданған жедел шаралармен өрт 50 шаршы метр алаңда оқшауланып, жойылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері жіберілді.