Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«12 сағаттан астам байланыста болмаған»: Алматы тауларында үш адам із-түзсіз жоғалды

19:41, 26 желтоқсан 2025

Алматы тауларына серуендеуге шығып, жоғалып кеткен үш азаматқа қатысты жағдай қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті аталған оқиға бойынша ресми мәлімет таратты.

ТЖД хабарлауынша, 26 желтоқсанға қараған түні құтқару қызметіне бір әйел адам хабарласқан. Ол ағасы мен екі досының 24 желтоқсан күні таңертең тауға аттанғанын, алайда содан бері олардан ешқандай хабар жоқ екенін жеткізген. Туыстарының айтуынша, жоғалғандардың телефондары 12 сағаттан астам уақыт бойы байланыс аясынан тыс болған. Осы қоңыраудан кейін жедел іздестіру шаралары дереу қолға алынды.

Құтқару жұмыстарына тікұшақтар мен дрондар тартылып, ауқымды іздеу операциясы жүргізілді. Нәтижесінде «Локомотив» шыңының маңынан бір адамның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта табылған адамның кім екені сот-медициналық сараптама арқылы анықталу үстінде. Ал жоғалған қалған екі азаматты іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар