Белгілі әнші Толқын Забирова даңқты қолбасшы, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туған күніне қатысқан сәтін еске алып, әсерлі жазбасын жариялады, деп жазады Alash.KZ.
«Бүгін — Бауыржан Момышұлы атамыздың дүние есігін ашқан күн. Ол — Ұлы Жеңістің даңқты батыры, ел рухының белгісіне айналған тұлға. Бұл күн мен үшін аса қымбат. Себебі бала күнімде, шамамен жеті-сегіз жасымда, тағдыр маған ерекше мүмкіндік сыйлады — Бауыржан атамыздың туған күніне қатыстым. Бұған ең алдымен нағашы әжем себеп болды. Әжем өте білімді, мінезі нық, шығармашылыққа жақын жан еді. Сол үшін де үлкен тұлғалар оны ерекше құрметтейтін.
Ол күн көз алдымда: үлкен зал, ұзыннан жайылған дастархан, айналаға жиналған танымал азаматтар. Біз кіргенде Бауыржан атамыз орнынан тұрып, әжемді қарсы алып, қолынан ұстап, төрге дейін шығарып, қасына отырғызды. Мен де әжемнің жанында болдым. Әжемнің атамызға арнап жазған өлеңі бар еді, соны сөмкесіне салып қоюымды өтінген, бірақ бала көңілмен ұмытып кетіппін. Соған қарамастан, әжем қысылып қалмай, шабытпен суырып салып өлең оқыды. Залда отырғандардың барлығы риза болып, ду қол шапалақтағаны әлі есімде», — деп жазды әнші.
Толқын Забирова сол бір сәттерді сағынышпен еске алатынын да айтты.
«Бүгін сол күндерді ерекше іңкәрлікпен есіме аламын. Бауыржан атамыз арамызда болмаса да, оның ерлігі мен рухани мұрасы — мәңгілік. Бүгінгі тыныш өміріміз бен еркіндігіміз — осындай батырлардың арқасы. Ұлы тұлғалар ешқашан ұмытылмайды. Еліңіз сізді әрдайым құрметпен еске алады», — деді ол.
"Бауыржан атамыздың туған күніне қатыстым" - Толқын Забирова Момышұлымен кездескен сәтін еске алды
«Кездесіп, шешім қабылдауымыз қажет»: Зеленский Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді
21:17, 12 қыркүйек 2026
"Екінші мәрте сүрінген". Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында Филиппиннен жеңілді
21:15, 12 қыркүйек 2026
Песков Зеленскийге "ақыл айтып", Путинмен кездесу үшін Мәскеуге келуді ұсынды
18:28, 12 қыркүйек 2026
«Шығыс–Батыс» мұнай құбыры: Сауд Арабиясы ірі мұнай құбырының жұмысын тоқтатып тастады
11:44, 12 қыркүйек 2026
"Әлеуметтік желіде шу шығып, жолаушылар алаңдады". Түркістан әуежайында ұшақ сынып, істен шықты
09:56, 12 қыркүйек 2026
"Егер Еуропа әскерін Украинаға аттандыратын болса, Ресеймен соғысады деген сөз" - Путин
09:00, 12 қыркүйек 2026
«Бұл шешімді қабылдау оңайға соққан жоқ»: Елдос Сметов маңызды жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)
22:08, 11 қыркүйек 2026