Ұлттық статистика бюросы 2025 жылы ата-аналар балаларына ең жиі қойған есімдердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Биылғы мәліметтер бойынша, ең танымал есімдер тізімі өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгермеген.
Өңірлер бойынша Мұхаммед пен Алан есімдері көш бастап тұр.

Айлин есімі еліміздің 20 өңірінің 16-сында бірінші орынға шығып, қыздар арасында абсолютті лидер атанды.

Этникалық топтар бойынша таңдау:
Еліміздегі түрлі ұлт өкілдері арасында таңдау келесідей қалыптасқан:
• Орыс ұлтында: Ева және Мирон;
• Өзбек ұлтында: Мұхаммед және Хадиша.