Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл Бакуден Грозныйға бағыт алған Әзербайжан әуе желісіне тиесілі ұшақ.
Хабарланғандай, ұшақ шұғыл қонуға сұраныс жасаған.
«Казаэронавигация» деректеріне сәйкес, төтенше жағдай құстармен соқтығысудың салдарынан және басқару жүйесінің істен шығуынан туындаған.
Әуе кемесінде 105 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған.