Қаралы жиында сөз алған Алматы әкімі Ерболат Досаев осылай деді.
Алматы жұрты Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановты соңғы сапарға шығарып салуда.
Шарманов кеше 94 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Марқұммен қоштасу Алматыда, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өтіп жатыр. Жаназаға қоғам қайраткерлері,саясаткерлер мен журналистер, өнер адамдары, қала тұрғындары және шәкірттері қатысуда. Жаназаны Бас мүфти шығарады.
Естеріңізге сала кетейік,Төрегелді Шарманұлы Шарманов 1930 жылы туған, қазақстандық гигиенист-нутрициолог ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ тағамтану академиясының президенті. Ресей Медицина Ғылым Академиясының және Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері. Алматы және Жезқазғанның Құрметті азаматы.