Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сенат аппараты басшысының экс-орынбасары жаңа қызметке тағайындалды

19:23, 04 қазан 2026

Олжас Данабеков Қазақстан Халық кеңесі хатшылығы басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Олжас Данабеков 1983 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін және Ұлыбританиядағы Лондон университеттік колледжін «Болашақ» бағдарламасы бойынша тәмамдаған. Мамандығы – заңгер, мемлекеттік саясат саласында ғылым магистрі.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Заңнама институтында заңгер болып бастаған. Кейін Әділет министрлігінде түрлі қызметтер атқарған. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде төраға кеңесшісі, Президент Әкімшілігінде мемлекеттік-құқықтық бөлімнің консультанты және инспекторы болып жұмыс істеген.

Сондай-ақ Олжас Данабеков «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-та және Сенаттың Аппаратында қызмет атқарған.   Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Сенат аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар