БҚО-да жасөспірімдер үшін қоғамдық көліктегі жолақы екі есе төмендетілді Alash.kz.
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында 16-17 жастағы оқушылар қоғамдық көлікте толық тарифпен жүрген. Аудандық мәслихаттың шешімінде бұл санаттағы жасөспірімдерге 50 пайыздық жеңілдік қарастырылмаған.
Облыс прокуратурасының араласуынан кейін тиісті құжатқа өзгеріс енгізілді. Енді Ақсай қаласында кәмелетке толмағандар үшін жолақы 50 теңге болып белгіленді. Ауданның басқа бағыттарында да тариф екі есе төмендетілді.
Осылайша, 1155 жасөспірімнің құқықтары қалпына келтірілді, деп хабарлады БҚО прокуратурасы.