Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

БАӘ өкіметі flydubai ұшағындағы шабуылды теракт жасау әрекеті деп бағалады

17:47, 03 қазан 2026

Біріккен Араб Әмірліктері билігінің мәліметінше, 30 қыркүйекте Дубайдан Тель-Авивке ұшқан flydubai ұшағында екінші ұшқыш әуе кемесінің командиріне шабуыл жасап, басқару тетігін басып алуға әрекет жасаған. БАӘ Бас прокуроры Хамад Саиф әл-Шамси оқиғаны тергеу нәтижесінде теракт жасау әрекеті ретінде бағаланғанын мәлімдеді, деп жазды  Alash.kz.

Тергеу мәліметіне сәйкес, екінші ұшқыш командирге кабинадағы авариялық балтамен шабуылдап, ұшақты басқаруға тырысқан. Экипаж бен жолаушылар араласқаннан кейін шабуыл тоқтатылған. Ұшақ Сауд Арабиясының Табук қаласына шұғыл қонды.

Рейс бортында 174 адам болған. Барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері аман қалған.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Мамандар оқиғаның себептері мен ықтимал байланыстарын анықтап, заттай және цифрлық дәлелдерді зерттеп жатыр. Тергеу органдары шабуылдың нақты мотивін әзірге жариялаған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар