Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Айыппұл салынуы мүмкін”. Түнде шулап, айналасының мазасын алатын көршілерге қатысты мәлімет айтылды

19:06, 03 қазан 2026

Көпқабатты үйлерде түнгі уақытта қатты музыка қосу, жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе басқа жолмен тұрғындардың тыныштығын бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін, деп жазды Alash.kz.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін шуға сағат 22:00-ден таңғы 09:00-ге дейін жол берілмейді.

Талапты бұзған жеке тұлғаға 5 АЕК – 21 625 теңге айыппұл салынады. Бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанса, айыппұл 10 АЕК-ке, яғни 43 250 теңгеге дейін өседі.

Ал тұрғын үйлерде немесе тұрғын үй аумағында орналасқан ойын-сауық орындары үшін тыныштық уақыты бөлек белгіленген: жұмыс күндері – 22:00-ден 09:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері – 23:00-ден 10:00-ге дейін.

Егер көршілер белгіленген уақытта тыныштықты бұзса, тұрғындар полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласа алады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар