Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтауда бала өлімінен кейін аурухана хирургі ұсталды

20:21, 03 қазан 2026

Ақтауда Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының хирургі ұсталды. Дәрігер кәсіби міндеттерін тиісінше орындамады деген күдікке ілінген, деп жазды  Alash.kz.

Қылмыстық іс кәмелетке толмаған науқастың өлімінен кейін қозғалған. Полиция мәліметінше, балаға медициналық көмек көрсету кезінде ұйымдастырушылық, емдеу және диагностикаға қатысты бірқатар кемшілік анықталған.

Баланың жағдайы нашарлаған соң ол санитарлық авиациямен Алматыдағы медициналық мекемеге жеткізілген. Алайда дәрігерлердің көмегіне қарамастан, бала қайтыс болған.

Тергеу барысында медицина қызметкерлерінен жауап алынып, комиссиялық сот-медициналық сараптама жүргізілген. Сарапшылар медициналық көмек көрсету кезінде асқынуларға әсер етуі мүмкін кемшіліктер болғанын көрсеткен.

Хирург Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу жалғасып жатыр.

Аурухана директорының орынбасары Үміт Ілиясова дәрігерді қолдап, денсаулық сақтау және ішкі істер министрлеріне үндеу жасады. Оның сөзінше, хирург еңбек жолында мыңдаған балаға көмек көрсеткен. Сондай-ақ ол дәрігер жауап алуға шақырылғаннан кейін ұсталғанын және оның адвокатына алдын ала хабар берілмегенін мәлімдеді.

Оқиғаның нақты мән-жайы мен медицина қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға тергеу нәтижесінде беріледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар