Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Теңізден ұшқан тағдырлар”. Ақтауда қаза тапқан 14 әскери қызметшіге арналған ескерткіш жобасы ұсынылды

13:22, 03 қазан 2026

Ақтауда қаза тапқан 14 әскери қызметшіге арналған ескерткіш жобасы ұсынылды, деп жазды Alash.kz.

Қостанайлық суретші әрі педагог Алмұрат Ахметов Ақтаудағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметшінің рухына арналған ескерткіш жобасын таныстырды.

Композицияның негізіне көкке самғаған 14 құс алынған. Автордың айтуынша, әр құс қаза тапқан бір әскери қызметшіні бейнелейді. Осы образ арқылы ол сарбаздардың ерлігі мен рухын дәріптеп, олардың есімін ел жадында мәңгі қалдыруды көздеген.

Ескерткіш жобасы әлеуметтік желі қолданушыларының да назарын аударды. Пікір білдіргендердің көбі бастаманы қолдап, мұндай ескерткішті Каспий жағалауында орнатуды ұсынған.

Желі қолданушыларының бірі құстар бейнесін Расул Ғамзатовтың соғыста қаза тапқан жауынгерлерді «ақ тырналарға» теңеген әйгілі шығармасымен байланыстырып, композицияның символдық мәніне назар аударды.

Сондай-ақ пікірлер арасында 2015 жылы қаза тапқан төрт әскери қызметшінің де рухын еске алу туралы ұсыныс айтылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар