Қостанай облысындағы үш түзеу мекемесінде ұялы байланыс сигналы белгіленген рұқсат етілген деңгейден асып кеткен. Осыған байланысты Beeline, Kcell және Tele2 байланыс операторлары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады облыс прокуратурасы. Бұл туралы Alash.kz порталы жазды.
Прокуратура мәліметінше, операторлар түзеу мекемелері аумағында ұялы байланыс сигналын шектеу талаптарын орындамаған.
Сонымен қатар колонияларда сотталғандардың смартфон қолданған бірнеше фактісі анықталған. Солардың біріне жазасын өтеу кезінде телефон арқылы 4 млн теңге көлемінде алаяқтық жасады деген күдік келтіріліп отыр.
Күдіктінің ұялы телефоны тәркіленіп, оған қатысты қылмыстық жауаптылық мәселесі қаралады.