Рамзан Кадыровқа армия генералы атағы берілді, деп жазды Alash.kz.
Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровқа Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен армия генералы әскери атағы берілді. Бұл — Ресейдегі генералдық шендердің ең жоғарысы.
3 қазанда Грозныйда өткен салтанатты рәсімде Ресей Ұлттық гвардиясының директоры Виктор Золотов Кадыровқа жаңа погондар мен күрең түсті берет табыстады. Золотовтың айтуынша, жаңа атақ беру туралы президент жарлығын жариялауды Путин оған тапсырған.
Күрең берет Кадыровқа арнайы мақсаттағы бөлімшелер мен Росгвардияны дамытуға қосқан үлесі үшін берілгені хабарланды.
Бұған дейін Кадыров 2022 жылдан бері генерал-полковник шенін иеленіп келген.