Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға кезінде аман қалған сарбазға қатысты тың жаңалық шықты

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға кезінде аман қалған сарбазға қатысты тың жаңалық шықты

Маңғыстаудағы қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз әскери борышын өтеп болды, деп жазды Alash.kz.


Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғадан аман қалған Ақжол есімді сарбаз мерзімді әскери қызметін аяқтады. Бұл туралы қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Ақжол – Маңғыстау облысынан әскерге шақырылғандардың арасындағы қайғылы оқиғадан аман қалған жалғыз сарбаз.

«Әдетте сарбаздар үшін мұндай күн қуанышқа, естелік суреттерге, әскери достықтың жылы сәттеріне толы болады. Бірақ бұл жолы олай емес», – деп жазды Азамат Сәрсенбаев.

Жақын уақытта Ақжол ата-анасымен бірге қаза тапқан қаруластарының отбасыларына барып, көңіл айтуды жоспарлап отыр.

Азамат Сәрсенбаев сарбазға бейбіт өмір мен амандық тілеп, қаза болған қаруластарының рухы мен олардың ата-аналары алдындағы жауапкершілікті ұмытпауына тілектестік білдірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар