Threads желісіндегі @ayautegenovna есімді қолданушы дәрігер екенін айтып, алғашқы жалақысы ретінде 232 852 теңге алғанын жариялады. Оның қысқа жазбасы бірнеше мың реакция жинап, жүздеген пікірге ұласты, деп жазады Alash.kz.
«10 жыл оқыдым, дәрігер болып жұмыс істеймін. Менің алғашқы жалақым! Сұрақ бар ма?» – деп жазды қолданушы.
Жазбаға 5,9 мыңнан астам реакция білдіріліп, 280-нен аса пікір қалдырылған.
Талқылауға қатысушылардың бір бөлігі жас дәрігерлердің еңбек жағдайы, ұзақ оқу мерзімі, интернатура мен резидентурадан өтуі, түнгі кезекшілік және кәсіби жауапкершілік ескерілгенде, бастапқы жалақы мөлшері төмен екенін жазған.
Ал кей қолданушылар «бұл алғашқы жалақы, тәжірибе артқан сайын табыс та өседі» деген пікір білдірген.

Жазба медицина қызметкерлерінің еңбекақысы мен жас мамандардың еңбек жағдайына қатысты мәселені әлеуметтік желіде қайта көтерді.