Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Песков Ресей мен АҚШ-қа қатысты тараған ақпаратқа түсінік беруден бас тартып, жалтарып кетті

20:14, 03 қазан 2026

Песков Ресей мен АҚШ арасында «Лукойл» активтері бойынша келісім талқыланды деген ақпаратқа пікір білдірмеді, деп жазды Alash.kz.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу мен Вашингтонның «Лукойлдың» шетелдегі активтеріне қатысты ықтимал ірі келісімді талқылағаны туралы ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты.

РБК-ның сауалына ол қысқа ғана: «Пікір жоқ», – деп жауап берген.

Бұған дейін The New York Times басылымы Ресей президенті Владимир Путин 5 қыркүйекте АҚШ президентінің өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен кездесуде ресейлік энергетикалық активтерді сату мәселесін көтергенін жазды. 5 қыркүйекте Уиткофф пен Кушнердің Мәскеуде Путинмен кездескені ресми түрде расталған. 

Басылым мәліметінше, ықтимал сатып алушылар қатарында америкалық инвестор Тодд Боэли және Таяу Шығыстың екі компаниясы аталған. Алайда бұл келіссөздерге қатысты егжей-тегжейлі ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар