Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Босанғаннан кейін көмек болмаған". Әуежай дәретханасынан жаңа туған сәби мен әйелдің денесі табылды

14:02, 03 қазан 2026

Ресейдегі Шереметьево әуежайының дәретханасынан әйел мен жаңа туған сәбиінің денесі табылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ресейдің Шереметьево әуежайындағы дәретханадан 30 жастағы әйел мен оның жаңа туған ұлының денесі табылды, деп хабарлайды ресейлік БАҚ.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел Антальядан ұшып келген. Ұшақ қонғаннан кейін оның толғағы басталып, әуежайдағы дәретханаға кірген. Сол жерде ұл баланы дүниеге әкелген.

«Осторожно, Москва» мәліметінше, әйел босанғаннан кейін біраз уақыт дәретханада болған және көмек қабылдамаған. Кейін жедел жәрдем шақырылып, әйел көп қан жоғалту салдарынан ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны құтқара алмаған.

Алдын ала болжам бойынша, жаңа туған сәбидің өліміне тұншығу себеп болуы мүмкін. Бұл ақпаратты тергеу органдары әзірге ресми түрде растаған жоқ.

Ресей Тергеу комитетінің Мәскеу облысы бойынша бас басқармасы Химки қаласындағы тергеу бөлімінде қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар