Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сен өлмеші: Жазира Байырбекова көзіне жас алып үйіндегі жантебірентер жағдайды айтып берді

08:00, 29 қазан 2024 4029

Танымал әнші Жазира Байырбекова қызбаланы тәрбиелеудің ерекшелігін айтып, қызы Дараның ерекше қасиеттеріне тоқталды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

“Папамды сұраған Даратайыма қайтыс болғанын айтқам ғой. “Папаңды сағынып жатырсың ба?” деп мені құшақтап, бетімнен сүйіп жылайды. “Сен өлмеші, Алла тағаладан "мамам өлмесін" деп күнде сұрасам, өлмейсің бе?!” дейді. Қайдан естиді мұндайды білмеймін. Тамағым ауырып тұрса, жағатынын әкеп “дайынсыз ба, емдейін сізді” деп тұрады. “Мына киімді ки, мынаны киме” деп ойларын айтады. Көңіл-күйім болмай, үндемей қалсам, "мама саған не болды" деп тұрады. 5 жасынан маған мейірімін төгіп жүр ғой. Аллаға шүкір!”, – деп жазды әнші.

Сондай-ақ өнер иесі қызының әнге жақын екенін де жасырмады.

“Мен оған не істесем, соның бәрін өзіме істейді. Жұмыстан келгенде "Балапаным – балдай" деген әнімді айтып кіретінім бар. Енді өзі балабақшадан келгенде мен үйде болып қалсам, құшағын жайып тұрып сол әнді маған айтады. Қалжыңдары да жеткілікті. Қыздардың бәрі сондай ма?!” – деді эстрада жұлдызы. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар