Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сәлем салу - ширк, беташар - харам: Зейнеп Ахметова қазақ тілінің жойылуына әсіредіншілдердің қатысы барын айтты

21:29, 04 қыркүйек 2024 1508

Танымал журналист Айгүл Болатханқызы қазақы сөздердің қалай көзден таса боп бара жатқандығын айтып, оның себебін баяндады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Ол бұл туралы өзінің facebook парақшасында жариялады.

Жазбасына үңілер болсақ, Қонаев қаласында өткен Тіл фестивальінде Зейнеп Ахметова тіл туралы маңызды деректермен бөліскен. 

Қазақ тілінің өрісін тарылтып құрдымға кетуіне себепшінің бірі - әсіредіншілдер. Өйткені олар дәстүрге шабуыл жасап келеді. Айталық, келін сәлемі керек емес, ол - құдайға қосақ қосу. Олардың түсінігінде солай, яғни тойларында “Беташар” айтылмайды! Ал қазақ “Беташарының” тарихы сонау өткен ғасырлардан бастау алады, тіпті күні бүгінге дейін “Беташар” жазбаған ақын кемде-кем. Егер тойда келін сәлемі ширк болса, “Беташар” айтылмаса, қазақтың тілдік қорындағы қаншама сөз құрып жатыр ғой. Екіншіден, хиджаб мәселесін алсақ, бұл да солай.

 Зейнеп Ахметованың екінші қозғаған мәселесі - хиджаб.

Бір ғана шаштың айналасындағы қаншама сөз ұмытылмай ма осылай кете берсе! Айталық, қолаң шаш, сүмбіл шаш, он екі өрім, қос бұрым, кекіл, тұлым, шашбау, шолпы, шаштеңге, үзбе…  Тағы бір ескерер нәрсе бар. Ұлтты құртуды мақсат еткендер алдымен сол ұлттың атын өшіруге тырысады, есімінен бастайды. Қазір баласына қазақ есімдерін қоймайтындар көбейді. Бұл жақсылыққа апармайды. Қазақта “тілден қалды” деген сөз бар. Науқасқа қаратып айтылады. Тілден қалған ауру адамның беті бері қарамайды. Оның мына дүниедегі татар дәмі таусылған шақта тілден қалды. Ал егер тұтас бір ұлт, біздің ҚАЗАҚ тілден қалса не болады? Ойлаудың өзі қорқынышты! Біз салдарын ғана айтамыз. Себебімен күреспейміз”,- деді апамыз. 

Журналист Айгүл Болатханқызы да Зейнеп Ахметованың айтқандарының барлығы дұрыс екенін айтып, қазақ халқы тіл мен дәстүрді сақтап қалудың жолын көрсетті.

Міне, тіл мен дәстүр жанашыры Зейнеп Ахметова сөз ұқпайды деген қазақтың өзі түсінетіндей етіп айтып отыр. Ал қайын атасы Бауыржан Момышұлы  соқырға таяқ ұстатқандай етіп қазақ тілінің мәселесін көтеріп 43 беттік (ұмытпасам) хат жазған Оңдасыновқа. Ештеңеге бас қатырудың керегі жоқ, батыр атаның сол хаты бойынша-ақ біздің билікке жұмыс істеуге болар еді. Апам хиджаб арқылы тек шашқа қатысты сөздердің қолданыстан шығып жойылып бара жатқанын тілге тиек етті. Шындап келгенде, әсіредіншілдердің “әурет” деп оттап жүргендері ұятты жер, ал бет те, алқым, тамақ, мойын да ұятты жер болып па? Шашқа ұятты жердің не қатысы бар? Жоғарыдағы сөздерге сырға, сырғалық, жақ, тамақ, алқым, мойынды қос, осы атаулар әсірелеп айтылатын болса (ақ тамақ, қаз мойын, т.б.)… Сонда не, балиғатқа толып намаз оқиды екен деп хиджабқа тұмшаланғандардың кесірінен тіліміздегі осындай қаншама сөз құруы керек пе? Ал “Беташардағы” тағылымды өсиет сөздердің біртіндеп ұмытыла бастайтынын ескерер болсақ… Апамның сөзінің жаны бар екенін иттей болып мойындайсың! Амал жоқ мойындайсың! Солай!”,- деді журналист. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар