Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сайлаулар қалай болса солай, әділетсіз өткендіктен, бізде үш төңкеріс болды" - Қырғызстан Президенті

09:04, 05 сәуір 2023 232
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік "Кабар" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Бішкектегі Ленин округінен Жогорку кеңешке депутат сайлау жөнінде пікірін айтты.

"Кандидаттардың бірқатарымен кездескен деген ақпарат қаншалық рас" екенін сұраған журналиске Жапаров "бұрын қолданылған әдістерді ұмыту керек" деп жауап берген.

"Бұрын солай еді: президент қолдауына ие болмайынша, сайлауға бармайтын. Қазір президент не биліктің басқа да өкілдері сайлау процесіне араласпайды. Мен одан да ірі сайлау науқандарына араласпадым. Сөйте тұра, бір округтегі сайлауға араласамын ба? Кім жеңсе, сол депутат болсын. Біз тарихтан сабақ алуымыз керек. Сайлаулар қалай болса солай, әділетсіз өткендіктен, бізде үш төңкеріс болды" деген қырғыз президенті.

29 наурызда Садыр Жапаров Бішкектің Ленин сайлау округінде мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Саяси науқан 28 мамырда өтеді. Кейінгі мәлімет бойынша, сайлауға түсуге үш адам өтініш берген.

Мұның алдында Жогорку Кеңеш депутаты Жәнібек Әбіров астанадағы мейрамханалардың бірінде төбелесіп, жанжалға ұрынуына байланысты парламенттен шығарылған. Жаңадан сайланатын депутат Әбіровтің орнын басады.

Қырғызстандағы сайлау процесін оппозиция белсенділері жиі сынайды. Бұған дейінгі парламент сайлауында кандидаттардың кейбірі билік партиялар мен кандидаттардың бірқатарын қолдады деп мәлімдеген. Ал 2020 жылы күзде болған парламент сайлауы жаппай тәртіпсіздік пен биліктің ауысуына ұласқан.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар