Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ресурстары таусылғанда ғана тоқтайды. Әзірге диалогқа дайын емес»: Германия канцлері соғыстың аяқталу шартын атады

19:52, 13 ақпан 2026

Германия канцлері Мерц Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде Ресейдің экономикалық немесе әскери ресурстары таусылған жағдайда ғана қарулы қақтығыстың тоқтайтынын мәлімдеді, деп жазады Alash.kz. 

Германия үкіметінің басшысы келіссөздер жүргізу мүмкіндігіне тоқтала келе, қазіргі уақытта Ресей тарапынан мазмұнды диалогқа деген дайындықтың байқалмайтынын атап өтті. Канцлердің айтуынша, бұған дейін кейбір еуропалық көшбасшылардың Мәскеумен байланыс орнату әрекеттері тиісті нәтиже бермеген. Мерц мырза мұндай дипломатиялық қадамдардан кейін Украина аумағына жасалатын жаппай соққылардың жиілеп кеткенін тілге тиек етті. Сонымен қатар ол Украина, АҚШ және Ресей арасындағы үшжақты байланыстардың барысы туралы хабардар екенін жеткізді.

Германия канцлері халықаралық қауымдастықтың алдында тұрған мақсаттарды былай деп түйіндеді:

«Ресей бұл қорқынышты соғыстан бас тартуы керек. Еуропа мен АҚШ жағдайды Мәскеудің агрессияны жалғастыруға мүмкіндігі қалмайтын деңгейге жеткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы тиіс».

Бұған қоса ол:

«Егер сөйлесудің мәні болса, біз сөйлесуге дайынбыз. Бірақ, АҚШ тарапынан көріп отырғаныңыздай, Ресей әзірге маңызды диалогқа дайын емес», – деп нақтылады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар