Қазақстанда Астана және Алматы епархиясында бұрын қызмет атқарған иеромонах Иаков (Владимир) Воронцов ұсталды. Бұл туралы «Агентство» басылымы оның адвокатына сілтеме жасап хабарлады. Қазіргі уақытта Воронцовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны айтылды, деп жазды Alash.kz ұлттық порталы.
Басылым дерегінше, Воронцов 2023 жылға дейін Қазақстандағы Русская православная церковь құрылымында қызмет еткен. 2022 жылы ол Ресейдің Украинаға басып кіруін және бұл әрекетті шіркеу тарапынан қолдауды ашық сынға алған.
2023 жылдың тамызында Воронцов Facebook желісінде РПЦ-ға қатысты қатаң пікір білдірген жазба жариялаған (қазір ол жазба ашық қолжетімді емес).
2022 жылдың наурызында ол діни қызметінен уақытша шеттетілген. Ал 2024 жылдың шілдесінде Патриарх Кирилл оның діни санынан айыру туралы шешімді бекіткен.
2023 жылдың желтоқсанында Воронцов Қазақстанда Мәскеуге тәуелсіз православ шіркеуін құру ниетін мәлімдеген. Алайда қазақстандық билік оның приходын тіркеуден бас тартқан.
Қаңтар айының соңында ресейлік «Спас» телеарнасы Воронцовқа арналған «Атака на Православную Церковь в Казахстане» атты ток-шоу шығарды.