Танымал журналист, тележүргізуші Руслан Өтепбай жаңа телебағдарламасының дәл ертең экранда тұсауы кесілетінін айтып, елге үндеу жасады, деп жазады Alash.kz.
Ардақты ағайын, ертең мен үшін маңызды күн! Авторлық жобамның тұсау кесері. Қаншама еңбек пен маңдай тердің, елдің батасы мен дұғасының жемісі.
Менің командамның телеарнада жүруі һәм маңызды тақырыптарды көтеруі тікелей сіздерге байланысты. Осы тұста көрермендеріме айтар жалғыз ғана өтінішім бар.
Қолдарыңызға телевизордың пультін алып, сенбі-жексенбі 21:00-де Еуразия арнасынан «Анықтаймыз Руслан Өтепбаймен» жобасын көруге шақырамын.
Ағайын, Өсек пен төсекті талқылағанша, елмен бірге әділдік іздеген Русланға қолдау көрсетіңіз!