Белгілі эстрада жұлдызы, Қазақстан Халық партиясы атынпн құрылтай депутаттығына үміткер Тамара Асар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан мерейлі жасына орай арнайы құттықтау хатын алды, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі бұл туралы желідегі парақшасында жария етті:
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан туған күніме, мерейлі жасыма арнайы құттықтау хатын алдым. Оны маған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов ресми түрде табыстады. Өте ерекше құрмет пен қабылдау болды. Рақмет!
Шын жүректен өз атымнан және отбасымның атынан қуанышымды бөлісе отырып, Мемлекет басшысына алғыс айтамын.
Ардақты ағайын! Кеше түннен бастап гүлге бөленіп, сыйлықтар алып, ыстық тілектерді лек-легімен қабылдап жатырмын. Тілектес болып, құттықтап жатқан баршаңызға рақмет!