Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақордада ауыс-түйіс: Мемлекет басшысының жарлығымен кадрлық өзгерістер жасалды

10:03, 17 шілде 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қызметінен босатылып, оның орнына Болат Ақшолақов өңірдің жаңа басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына 2022 жылдың сәуір айында тағайындалған болатын.

Аймақтың жаңа жетекшісі қызметіне кіріскен Болат Ақшолақов бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Энергетика министрі лауазымдарын атқарған, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында қызмет еткен. Тегі атыраулық болып табылатын Болат Ақшолақов – отандық геологиялық барлау саласының негізін қалаушы тұлғалардың бірі Орал Ақшолақовтың ұлы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар