Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Путин 2026 жылы тақтан түседі". «Коммерсант» басылымында жарияланған Владимир Путинге қатысты ескі материал талқыланып жатыр

21:10, 16 шілде 2026

Әлеуметтік желілерде 2007 жылы ресейлік «Коммерсант» басылымында жарияланған Владимир Путинге қатысты ескі материал қайтадан қызу талқылана бастады, деп жазды Alash.kz.

Мақалада Deathclock.com атты әзіл-оспақ сипатындағы интернет-сайт туралы айтылған. Бұл сервис адамның туған күні, бойы, салмағы және темекі шегу әдеті секілді мәліметтерге сүйеніп, шартты түрде өмір сүру ұзақтығын болжайды.

Сол кезде «Коммерсант» Владимир Путиннің деректерін енгізіп көргенде, сайт 2026 жылғы 19 шілде күнін көрсеткені жазылған. Осы күннің жақындауына байланысты аталған материал әлеуметтік желілерде қайта еске алынып отыр.

Басылым сол мақалада ресейлік оппозициялық саясаткер Михаил Ходорковскийдің де деректерін енгізіп, оған Путиннен 11 жыл ұзақ өмір сүреді деген шартты болжам шыққанын жазған. Сондай-ақ әнші Алла Пугачеваға қатысты болжам да жарияланған.

Сонымен қатар мақалада кейін шындыққа сәйкес келмеген мысалдар да келтірілген. Атап айтқанда, Deathclock.com сайты бұрынғы Мәскеу мэрі Юрий Лужковтың өмірін 2010 жылдың 3 шілдесіне дейін деп болжаған. Алайда ол 2019 жылы қайтыс болды.

Айта кетейік, Deathclock.com ғылыми немесе медициналық негізделген болжам құралы болып саналмайды. Сондықтан ондағы нәтижелерді нақты дерек немесе сенімді болжам ретінде қабылдауға болмайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар