Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Иран АҚШ-тың шығыстағы әскери нысанына ауыр шабуыл жасады

08:17, 17 шілде 2026

Иран АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери нысандарына соққы жасады, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Иран АҚШ-тың өз аумағына жасаған әуе шабуылдарына жауап ретінде Таяу Шығыстағы америкалық әскери нысандарға соққы жасады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Бахрейн, Кувейт, Ирак және Иордания аумағында әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері іске қосылып, бірқатар нысандарда өрт шыққан.

Әзірге қираған нысандар мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

— АҚШ Иран аумағындағы нысандарға алтыншы күн қатарынан соққы жасап жатыр. Бүгін Ислам республикасының оңтүстігіндегі көпірлер шабуылға ұшырады. Сондай-ақ Ормуз бұғазы жағалауындағы Бендер-Аббас портында, Ираншахр қаласының әуежайында, Систан және Белуджистан, Бушер және Ахваз провинцияларында жарылыстар тіркелді. Соңғы мәлімет бойынша, жеті адам қаза тауып, тағы тоғызы жараланған.

— АҚШ президенті Дональд Трамп баспасөз мәслихатында: «Біз Иран бағытында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп жатырмыз. Бұл жұмыстың нәтижесін жақын арада өздеріңіз де көресіздер», – деп мәлімдеді.

 АҚШ әскери-әуе күштері Оман шығанағында жүрген Wen Yao танкеріне тексеру жүргізу үшін десант түсірді. АҚШ Орталық қолбасшылығының хабарлауынша, қоршауды бұзып өтпек болған үш коммерциялық кеме бағытын өзгертуге мәжбүр болған, тағы бір кеме істен шығарылған.

—Расталмаған мәліметтер бойынша, ирандық зымыран Бахрейн мен Сауд Арабиясын жалғайтын Король Фахд көпіріне түскен. Tasnim агенттігі оқиға орнына дәрігерлер жіберілгенін хабарлады. Сонымен қатар Иранның мәлімдеуінше, Arash ұшқышсыз ұшу аппараттары Бахрейндегі АҚШ пайдаланатын Сахир әуе базасына соққы жасап, әскери тікұшақтар мен P-8 барлау ұшақтарының тұрақтарын нысанаға алған.

— Сондай-ақ Tasnim агенттігінің хабарлауынша, Катардағы АҚШ-тың Әл-Удейд әскери базасы мен Иорданиядағы америкалық базаға да зымырандық шабуыл жасалған. Ал Кувейттің Иракпен шекарасына жақын ауданында өрт тіркелген.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар