Алматыда 70 жастағы әйел 5-қабаттан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Алматы қаласының Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында қайғылы оқиға болды. 70 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, алған ауыр жарақаттарының салдарынан жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм осы тұрғын үйде тұрған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.