Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қателесемін… Ешкім «мұсылманмын» деп мақтана алмайды»: Роза Әлқожаның жазбасы көпті ойландырды

20:39, 19 тамыз 2026

Әнші Роза Әлқожа желідегі парақшасында жазба жариялап, өмірден түйген ойларымен бөлісті, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі өмірде барлық нәрсе адамның қалағанындай бола бермейтінін айтып, әр сәтке шүкіршілік етуі керектігін жеткізді. 

Әнші адам өмір бойы үйреніп, қателіктерінен сабақ алатынын сөз етті.

«Адам өмірінің жартысына дейін бәрін жасап үлгеріп қалуы керек екен. Ары қарай еңбегіңнің жемісін көресің. Демаласың, саяхаттайсың. Шамамның келгенінше, мүмкіндігім болғанынша әрекет еттім. Бір жерде қалағаным болған шығар, бір жерде болмаған шығар?! Бір жерде біреуді қуантқан шығармын, бір жерде ренжіткен шығармын, білмеймін, бұл – өмір. Мен де пендемін. Мен де қателесемін. Бастысы, бар жағдайда шынайы болуға тырыстым. Бастысы – бәрін әдемі жасауға тырыстым. Ал болмаған болса, қанша жамап-жапсаң да, өзі үңірейіп тұратын жер болады екен.

Қанша тартсаң да, жарыққа баспайтын жандар болады екен. Мейлі. Біз бәріміз Алланың құлы ғанамыз. Адам мәңгі ақылды болмайды екен. Әсте-әсте жинағаның бір пәсте шашылып қалатын кез болады екен. Сондықтан да толықтай ешкім “мұсылманмын” деп те, “данамын” деп те мақтана алмайды екен. Бұл өмір ақыреттің егіндігі болса, өмір-ұстаз күн сайын шәкірт етеді, өлгенше сабақ алып өтеді екенсің. Алла тағаланың берген әр сәтіне шүкір! Алланың берген бар нығметіне шүкір! Жақсы сөзбен жақсылардың жанында жақсы күндерде жарқырап жүре берейік!» – деп жазды Роза Әлқожа.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар