Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қызметтік қарудан самайына оқ атқан». Қайғылы жағдай: Жамбыл облысында тәртіп сақшысы қаза болды

00:20, 29 мамыр 2026

Жамбыл облысының Қордай аудандық полиция бөлімінде тәртіп сақшысының өлімімен аяқталған қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Бүгін таңертең жедел әрекет ету арнайы жасағының 1995 жылы туған инспекторы казарма дәлізінде өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген лейтенант дәрігерлердің жасаған емдік шараларына қарамастан, есін жимастан реанимация бөлімінде қайтыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, арнайы жасақ инспекторы Н. Т. қызметтік қаруынан өз самайына оқ атқан. Болжам бойынша, ол үшін «SIG Sauer» маркалы тапанша қолданылған. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем қызметкерлері зардап шегушіні бірден орталық аудандық ауруханаға жеткізгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерінің мұндай қиыр қадамға баруына не себеп болғаны белгісіз. Аталған қайғылы оқиғаға байланысты құзырлы органдар қылмыстық іс қозғады. Нақтырақ айтқанда, бұл дерек бойынша тергеу амалдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы аясында жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар