Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путиннің Қазақстанға келуімен бірге АЭС құрылысы басталатын уақыт белгілі болды

10:29, 28 мамыр 2026

Қазақстанда алғашқы атом электр станциясы (АЭС) құрылысының белсенді кезеңі 2027 жылы басталады. Бұл туралы «Росатом» басшысы Алексей Лихачев мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ      

АЭС-ті іске қосу 2030-жылдардың ортасына жоспарланып отыр.

«Станцияны кезең-кезеңімен іске қосамыз: әр блокты бірінен кейін бірін пайдалануға береміз. Бірінші және екінші блоктардың арасы шамамен 8–10 ай болады деп ойлаймын. Біздің мақсатымыз – 2030-жылдардың ортасына қарай жобаны толық аяқтау», – деді Лихачев. 

Аталған мерзімдерді Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі де растады.

Бұған дейін билік өкілдері құрылыс жұмыстарының басталу мерзімін кейінгі уақытқа жоспарлаған болатын. Ведомство басшысы Алмасадам Сәтқалиев жұмыстар 2029 жылдан ерте басталмауы мүмкін екенін айтқан еді. Оның сөзінше, нақты мерзімдер жобалық шешімдер мен қолданылатын жабдықтарға байланысты.

Сондай-ақ Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында Қазақстан мен Ресей алғашқы АЭС жобасына қатысты екі үкіметаралық келісімге қол қоюы мүмкін. Атом энергиясы агенттігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясовтың айтуынша, бұл құжаттар станция құрылысы мен жобаны қаржыландыру мәселелерін қамтиды.

Бұған дейін үкімет атом саласын дамыту үшін 2026–2030 жылдарға арналған локализацияны дамыту жөніндегі кешенді жоспарды бекіткен. Құжатта қазақстандық кәсіпорындарды АЭС құрылысына қатыстыруға дайындау шаралары қарастырылған.

Алғашқы атом электр станциясы Алматы облысындағы Үлкен кентінің маңында салынбақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар