Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бұрын олигархтар косметологиялық клиникаларды ашты, енді оларды қатаң тексеру керек» - депутат (ВИДЕО)

14:50, 28 мамыр 2026

Депутат Мұрат Әбенов блогер Сәуле Базарханның қайтыс болуынан кейін косметологиялық және медициналық клиникаларға бақылауды күшейту қажет екенін айтты, деп жазады Alash.KZ

Оның сөзінше, бұрын Кәсіпкерлік кодекстегі шектеулер салдарынан тексерістер жүргізу қиын болған.

«Біздің елде кейбір құрылымдар медициналық қызмет арқылы жұмыс істеп, түрлі зертханалар ашты. Оларға тексеріс тиімсіз болды. 2025 жылы бұл нормалар қайта қаралып, тексеру құқығы қайтарылды», - деді депутат.

Ол косметологиялық орталықтарда міндетті түрде:
санитарлық және техникалық сертификаттар;
қолданылатын препараттарға рұқсат құжаттары болуы керегін атап өтті.

Сондай-ақ, депутат кейбір косметологиялық процедураларда қолданылатын дәрілердің қауіпті екенін ескертті. Оның айтуынша, жекелеген препараттар анафилактикалық шок тудырып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар