Атырауда бір отбасы мүшелерінің қаза болуына қатысты іс бойынша күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев тергеу кезінде өз түсініктемесін берді. Ол жауап алу барысында қайын апасына 32 рет пышақ сұққанын мойындағанымен, Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыппен келіспейтінін айтқан, деп жазады Alash.KZ
Оның сөзінше, ол оқиға «абайсызда» болған және сол сәтте өзін қорғауға мәжбүр болған.
Сонымен қатар, айыпталушы басқа эпизодтар бойынша кінәсін толық немесе ішінара мойындаған:
бірнеше адамға пышақ жарақатын салғанын растаған;
әрекеттерін қылмысты жасыру мақсатымен жалғастырғанын айтқан.
Тергеу деректеріне сәйкес, қаза тапқандар - күдіктінің қайын жұрты.
Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.