Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей тарапы Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапарына үлкен үміт артатынын мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ
Дмитрий Песковтың айтуынша, екі ел арасында көпжақты ынтымақтастық қалыптасқан және сапар барысында бұған дейін қол жеткізілген бірқатар келісімді бекіту жоспарланып отыр.
Біз бұл сапарға үлкен үміт артамыз. Екі ел арасында түрлі салада жан-жақты ынтымақтастық пен байланыс орнаған. Бүгін де бірқатар келісім ресми түрде бекітіледі. Қандай құжаттарға қол қойылатынын алдын ала айтудың қажеті жоқ. Қазір құжаттарға қол қою және олармен алмасу рәсімі өтеді. Оның ішінде мемлекет басшылары деңгейіндегі саяси әрі тұжырымдамалық құжаттар да, министрліктер, ведомстволар және компаниялар деңгейіндегі салалық келісімдер де болады, – деді Дмитрий Песков Астанадағы Тәуелсіздік сарайының кулуарында.