Белгілі заңгер Мейірман Шекеев сотша қатысты өз ойын бөлісіп, қолданыстағы заңнаманың ерекшеліктеріне тоқталды, деп жазады Alash.KZ
Оның айтуынша, заң бойынша бұл қылмыс түрі «абайсызда жасалған қылмыс» санатына жатады.
«Қазіргі заңнамаға сәйкес, бұл бап бойынша 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқса, 10 жылдан артық жаза берілмейді», - деді заңгер.
Сондай-ақ ол бұл қылмыстың жазасы «ауыр» санатқа жатқанымен, оның өтелу мерзімі колония-қоныстарда (яғни, жартылай ашық мекемелерде) өтелетінін атап өтті. Мейірман Шекеевтің пікірінше, егер жүргізуші мас күйінде рөлге отырып, адам өліміне себепші болса, бұл «абайсызда» емес, қасақана жасалған қылмыс ретінде бағаланып, жазаны айтарлықтай қатайту қажет.
Пікір алу барысында қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, сотталушы тараптың жаза мерзімінің үштен бірін өтегеннен кейін мерзімінен бұрын босатуға (УДО) өтініш беру құқығы бар екені де сөз болды. Құрбандардың жақындары кешірім берген жағдайда да, автоматты түрде іс жабылмайды, бірақ ол жазаны жеңілдетуге әсер етуі мүмкін.