Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қытайлар Алматыда ірі орталық салып, кептеліс мәселесін шешуге араласпақ

18:39, 17 ақпан 2025 651

Алматыда замани технологияны пайдалана отырып кептелістен құтылуға қатысты шешімі қабылданды. Енді қалада жол қозғалысын басқарумен айналысатын IT-танымдық орталығы құрылады. Жобаны жүзеге асыру үшін жетекші қытайлық компаниялардың бірін шақырылған, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Алматыға қуатты серверлік жабдықтар әкелініп, интеллектуалды көлік жүйесі (ITS) енгізілетіні хабарланды.

Жаңа технологияның бірі — «ақылды» бағдаршамдар, олар көлік ағымын бағамдап, нақты уақыт бойынша бейімделіп отырады. Бұл жол жүруді жеңілдетіп, кептелістерді азайтуға көмектеседі.

Сонымен қатар, қытайлық компания Алматыда ғылыми-зерттеу орталығын ашуды да қарастырып жатыр. Онда көлік, экология, денсаулық сақтау және төтенше жағдайларға жылдам жауап беру жүйелері үшін технологиялар әзірлеуді жоспарлаған.

Әкім Ерболат Досаев компания өкілдерімен әріптестік туралы келісімге келді. Айта кету керек, олардың технологиялары әлемнің 120 елінде қолданыста, сондықтан Алматы қала көлігі үшін заманауи шешімдер алуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар