Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құрылтай құрамы жаңа депутатпен толықты: ОСК Гүлнар Тойлыбаеваға куәлік пен төсбелгі табыстады

14:09, 20 қазан 2026

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Гүлнар Тойлыбаеваны Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Alash.kz.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі табыстады.

Өз сөзінде ол бұған дейін «Әділет» партиясының Саяси кеңесі Бюросының шешімі Орталық сайлау комиссиясына жолданғанына тоқталды. Аталған шешімге сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутатының бос мандаты партиялық тізімге енгізілген Гүлнар Тойлыбаеваға берілген.

«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 44-бабына сәйкес Құрылтай депутатының өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркеген сәттен басталады. Сіздің мол кәсіби тәжірибеңіз елдегі заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органда тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар