Ғалымжан Смағұлұлы Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Alash.kz.
Аичи–Нагояда өтіп жатқан V Пара Азия ойындарында қазақстандық пара дзюдошы Ғалымжан Смағұлұлы қола медаль иеленді.
Qazsport.tv мәліметінше, J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз ширек финалда Өзбекстан өкілін қосымша уақытта жеңді. Алайда жартылай финалда Корея Республикасының спортшысына есе жіберді.
Қола жүлде үшін өткен белдесуде Ғалымжан Смағұлұлы Иран өкілі Реза Голамиден басым түсіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.