КТК тілшісі Жанат Молдашева Атыраудағы елдің назарына түспеген сорақы оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды Alash.kz.
Қызылқоға ауданынан келе жатырмыз. Бір оқиға есіме түсіп отыр. Ол Жангелдин трагедиясының көлеңкесінде қалып қойды. Біз қаңтар айының алтысы күні Жангелдинге барамыз. Марқұмдардың туыстарымен бірге іздеу жұмыстарын жүргізіп, сол үйде жүрміз. Сол кезде маған Миялыдан бір аға хабарласты. "Қарындасым, Миялыда бір оқиға болды. Бір ер адам жас баланың құлағын кесіп алды" деді. "Қолың бос болса, жолдан соғып кетші. Осы мәселе бойынша" деген еді. "Жақсы, аға! Маған ақпараттарды қосымша жібере беріңіз" дедім. Жіберді. Ашып қарасам, кәдімгі адамның кесілген құлағының суреті. Шошып кеттім. Одан бөлек құлақсыз тұрған адам. Кері телефон соқтым. "Аға, мынау құлақты сонда кесіп алған ба?" дедім. Құлағын кесіп алып, қолына ұстатып жіберген. Сұмдық ол да! Жангелдин ауылынан ертерек шықсақ, Миялыға соғамыз деген едік. Бірақ, ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды. Өзіміз есімізден танып, аяқ-қолымыз дірілдеп, қалаға жеттік. Кейіннен естідім. Осы қылмысқа күдікті адам шартты мерзімде ғана сотталған.