Белгілі әнші, продюсер Мөлдір Мұқан оқырманының жазған пікіріне ашық жауап беріп, бұрынғы жұбайы Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әңгімелері мен шығармашылығына қатысты ойын кесіп айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Әншінің желідегі парақшасында қалдырылған жазбаға оқырман тарапынан біраз өкпе-реніш пен сын айтылған болатын. Желі қолданушысы өнер иесінің экс-жұбайы жылдар бойы оның өмірі мен күнделікті тіршілігін концерттік нөмірлеріне арқау етіп, соның арқасында халықтан билет сатып, мол табыс тапқанын алға тартты. Оқырмандардың бұл пікірі мен өмірлік әділетсіздікке қатысты айтылған сөзіне бей-жай қарай алмаған өнер иесі іштегі ренішін бүкпесіз жеткізді. Мөлдір бұрынғы күйеуінің іс-әрекетіне баға беріп, халық алдында жауап беруі керектігін айтып, өз ойын мынадай төл сөзімен түйіндеді:
«15 жыл материал қылған ғой. Мені ғана емес, елді алдап. Өкінішті. Өтірік әзілдері үшін билет сатып, ақша істегені үшін Қазақ елінен кешірім сұрау керек-ау», – деп жауап берді әнші оқырманға.
Осылайша, көпшіліктің көз алдындағы отбасылық өмір мен сахнадағы әзілдердің артында қандай шынайы мәселелер тұрғанын ашық айтқан Мөлдірдің бұл жауабы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, оқырмандар арасында түрлі пікір тудырды.
