Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті: Бексұлтан Құлмырза Азия Пара ойындарының чемпионы атанды

13:33, 20 қазан 2026

V Азия Пара ойындарының екінші күні — Қазақстан қоржыны тағы бір алтын жүлдемен толықты, деп хабарлайды Alash.kz.

Пара дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Бексұлтан Құлмырза жарыс чемпионы атанды.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалдық белдесуде Оңтүстік Корея спортшысы Ким Донхунды жеңіп, алтын медаль иеленді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар