Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы «Бағалысың» деп аталатын жаңа сыңсу әнін жарыққа шығарғанын айтып, оқырмандарымен қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұған дейін екі қайын сіңлісін ұзатып, cыңсу шырқаған Толқын бұл туындысын барша бойжеткендерге арнайтынын жеткізді. Ал, алғаш рет әннің тұсауын өз бөле сіңлісінің тойында кесті. Шығарманың дүниеге келуіне жолдасының қолдауы себеп болғанын атап өтіп, әлеуметтік желідегі парақшасында төмендегідей пост жазды:
«Төремнің қолдауымен бір күнде дайындалған “Бағалысың” әні! Барша ұзатылатын аруларымызға арналады», – деп жазды ол.