Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ және Ресей басшыларымен үшжақты кездесу қай жерде өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Оның айтуынша, АҚШ кездесуді ұйымдастыру бойынша жұмыс істеп жатыр.
«Путинмен кездесуге келсек, АҚШ оны ұйымдастыру бойынша жұмыс істеп жатыр. Оларда үшжақты кездесу өткізу туралы ұсыныс бар. Ол Таяу Шығыс елдерінің бірінде өтуі мүмкін. АҚШ әрдайым БАӘ немесе Сауд Арабиясын атайды», – деді ол.
Зеленскийдің сөзінше, кездесу АҚШ-та немесе Еуропа елдерінің бірінде де өтуі ықтимал.
«Кездесу, сонымен қатар, G20 отырысы кезінде АҚШ-та өтуі мүмкін. Бірақ әзірге Ресей тарапынан да, тиісінше АҚШ тарапынан да ешқандай растау болған жоқ. Бұдан бөлек, кездесу еуропалық елдердің бірінде өтуі ықтимал. Еуропалықтардың бұл мәселе бойынша байланыс орната бастағанын білемін. Нәтижесін сәл кейінірек көреміз», – деп жазды Зеленский.