Атырау қаласында орын алып, елдің жағасын ұстатқан резонансты кісі өліміне екі жыл толуына орай марқұм Яна Легкодимованың анасы жүрекжарды әсерлі үндеу жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Уақыт өткен сайын жүректегі сыздаған жара мен айықпас қайғы басылмайтынын жеткізген ана әлеуметтік желідегі парақшасында іштегі запыранын ақтарды. Ол қызының қазасына қатысты сезімін келесідей төл сөзі арқылы жеткізді:
«Сенсіз өткен екі жыл, жаным… Мәңгілікке тең… Мәңгі жүрегімдесің», – деп жазды марқұмның анасы.
Еске сала кетейік, сұмдық қылмыс 2024 жылдың қазан айында Атырау қаласында жасалған болатын. Екі жас жігіт бойжеткенді өлтіріп, ізін жасыру мақсатында марқұмның денесі мен телефонын өзенге лақтырып жіберген еді. Полицейлердің күрделі әрі ауқымды іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, марқұмның денесі табылмай тұрып-ақ бұл істің беті ашылған болатын. Арада ровно сегіз ай өткен соң, яғни 2025 жылдың 20 маусымында Жайық өзенінің жағалауынан адам сүйектері табылып, жүргізілген сараптама олардың Яна Легкодимовойға тиесілі екенін ресми түрде дәлелдеді. Осыдан кейін қайғыдан қан жұтқан ана қызының сүйегін туған жері Батыс Қазақстан облысында арулап жерлеген еді.

Қоғамды дүр сілкіндірген бұл іске қатысты сот үкімі де шықты. Қылмыстық іс бойынша Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Қатимов кінәлі деп танылып, сот оларды ең ауыр жаза — өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін кесті. Атыраулық Янаның анасы сот барысында әділдік талап етіп, қоғамға үндеу жасаған болатын. Қылмыстары дәлелденіп, өмір бойына сотталған қос айыпты жазаларын толық өтеу үшін арнайы түрдегі №39 «Қара бүркіт» мекемесіне этаппен жеткізілді.