Қостанайда 2019 жылы күрделі жөндеуге жабылған облыстық балалар ауруханасы әлі күнге дейін іске қосылған жоқ. Жобаны жүзеге асыруға 2,7 миллиард теңге бөлінгенімен, ғимарат қаңырап бос тұр. Ата-аналар балаларын басқа аудандарға тасып, ем іздеуге мәжбүр, деп хабарлайды Alash.kz
Жөндеу жұмыстарының сапасыз орындалуына жауапты ретінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаев аталды. 2023 жылы «Халық Қаһары» азаматтық науқанының белсенділері оған халықтың сенімсіздігін білдіріп, «қара таңба» тапсырған болатын. Алайда шенеунік кінәсін мойындаған жоқ.
Жағдайды қайта еске салу үшін «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері Қостанайға оралып, облыстық денсаулық сақтау басқармасының алдына үш метрлік «Халық Қаһары» стеласын орнатты. Олар аурухананың тағдыры туралы нақты жауап талап етіп отыр.
Азаматтық науқан жетекшісі Алихан Сарсенов:
«Бұл — балалар мен халық алдындағы борышты еске салу. Біз жылы кабинеттерден даусын естімейтіндердің атынан сөйлейміз. Аурухана бос тұрмауы керек – ол адамдарды емдеуі тиіс», – деп мәлімдеді.
«Халық Қаһары» қозғалысы бұл істің соңына дейін жетіп, аурухананың Қостанай халқына қайта қызмет көрсетуіне қол жеткізуді мақсат етіп отыр.
Қостанайдағы балалар ауруханасы алты жылдан бері жөнделмей тұр – белсенділер әділет үшін күресті жалғастыруда
«49,9 млн теңге»: Ұтыс ойынын өткізгені үшін ел танитын блогерлер қатаң жазаланды
19:59, 09 қаңтар 2026
«Тағы қайталаса, біз қатты соққы береміз!» - Трамп Иран билігіне ауыр ескерту жасады
17:19, 09 қаңтар 2026
“Ескерту! Әскери операция жасауға дайын” - Трамп әлем күтпеген мәлімдеме жасады
17:04, 09 қаңтар 2026
«Бұл істі жалғыз өзі жасамады…» - Жоғалған отбасының жақындары ел естімеген дерек айтты
15:17, 09 қаңтар 2026
«1,3 млрд, көлік, үй, шетел» - Баласының ауруын пайдаланған ата-анаға сот үкімі шықты
13:50, 09 қаңтар 2026
“Осы үйде болған…” - Жоғалған отбасының күйеу баласына қатысты ел естімеген дерек шықты
11:11, 09 қаңтар 2026
Қызылордада ер адам көршісі мен оның 34 жастағы қызын пышақтап өлтірді (ВИДЕО)
21:40, 08 қаңтар 2026
Құлыбаев ханзада Эндрюден 15 млн фунтқа сарай сатып алған: BBC зерттеуі нені ашты?
19:07, 08 қаңтар 2026