Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қол-аяғын байлап,ваннада тұншықтырған: Жиенін аяусыз өлтірген әйел туралы тың ақпарат шықты

10:36, 27 қаңтар 2025 388

Шымкент тұрғыны жиенін өлтіргені үшін 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Сот Шымкент тұрғынына қатысты қылмыстық істі ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағанды өлтіру) қарады. (…) Айыпталушы кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды», – делінген хабарламада.

Сотта әйелдің баланың жылағанына ашуланғаны анықталды. Содан кейін ол баланың қолы мен аяғын байлап, ұрып-соғып, артынша ваннада тұншықтырған.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Сот оның бұрын сотталмағанын және ауырлататын жағдайлардың болмауын жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарастырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар