eGov электрондық үкімет порталында Қазақстан Республикасының 2026 жылға арналған ресми мереке және демалыс күндерінің күнтізбесі жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz.
Мемлекеттік және ұлттық мерекелердің кейбір күндері демалыс күндеріне сәйкес келуіне байланысты, қолданыстағы заңнама аясында демалыс күндерін ауыстыру тетігі іске асырылады.

Жаңа кестеге сәйкес, бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар үшін жыл бойына 15 қосымша демалыс күні қарастырылған. Ресми күнтізбеде көрсетілген демалыс күндерінің ауысуы туралы толық мәлімет порталдың тиісті бөлімінде қолжетімді.