Қазақстанда Президентке тікелей бағынатын жаңа мемлекеттік орган құрылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде құрылды.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» жарлыққа қол қойған болатын. Құжатқа сәйкес, жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайы алдында Үкіметтің өкілеттігін доғаруына байланысты қазіргі Үкімет жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.